«Тақиялы періштелер» мен қазақ киносының анасы. Әмина Өмірзақованың туғанына - 105 жыл

5676
Adyrna.kz Telegram
Сурет: bilim-all.kz
Сурет: bilim-all.kz

Бүгін — Қазақстанның халық әртісі, кино және театр өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды тұлға Әмина Өмірзақованың туған күні.

Ол 1919 жылғы 8 наурызда Абай облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында өмірге келген. Шығыстан шыққан талантты ару Ленинград институтында оқып жүрген кезінен-ақ киноға түсе бастаған. Алғашқы фильмдері – «Комсомольск», «Амангелді», «Алыптың әні», «Ақ раушан».

Оқуды тәмамдағаннан кейін 1938 жылы Василий Меркурьев шәкірттерімен бірге Шымкент қаласында ашқан қазақ драма театрына жұмысқа тұрады.

Өнер адамының кино әлеміндегі жұлдызын жаққан туындысы —1945 жылы түсірілген «Абай әндері» фильмі. Басты рөлдің бірі – Ажардың бейнесін сомдайтын актрисаны сценарий авторы Мұхтар Әуезовтің өзі бекіткен.

30-дан аса картинаға түсіп, театрда 150-ге жуық бейнені сомдаған актриса қалың көпшілікке ана бейнесімен танылды. Қазақ киносының баға жетпес қазынасына айналған “Абай”, “Бір ауданда”, “Ана туралы аңыз”, “Арманым менің”, “Ақ шаман”, “Нан дәмі”, “Шанхай” фильмдерінде сомдаған бейнелері, әсіресе әйгілі “Тақиялы періштеде” ойнаған Тана апайдың рөлі қалың жұртшылықтың махаббатына әлі күнге дейін бөленіп келеді.

Пікірлер