Қалиғұмар Қабдешұлы - 85. "Құпия" грифті суреттері бар фото-кітап жарық көрді

873
Adyrna.kz Telegram

10 сәуір күні Алматы қаласындағы  ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен мәжіліс залында ардагер фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының 85 жылдық мерейтойына орай дайындалған «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты фотокітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы photooner.kz сайтына сілтеп.

Ардагер фотожурналистің мерейтойына арналған шара «Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты арнайы ұйымдастырылған фотокөрменің ашылуымен басталды.

Көрменің салтанатты ашылуында сонау Шығыстан, өр Алтайдан, арнайы келген Бауыржан Құмарбеков халқымыздың «Айхай 25» атты әнін құйқылжыта орындап, жиылған жұрттың көңілін одан әрі бір көтеріп тастады.

Көрме кураторы Дәурен Мақсұтханұлы алғашқы сөзді «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының Вице-президенті, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының және Қазақстан Журналистер академиясының академигі, баспагер Валерий Айтмұқашұлы Жандәулетовке берді.

Одан кейін сөз кезегін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, актер — Айдос Бектемір алса, Ұйымдастырушылар атынан «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің Президенті Асылхан Әбдірайымұлы сөз алып, Қалиғұмар ағаның жартығасырлық шығармашылық көрмесі жайлы қысқаша айта келіп, барлық қонақтарды көрмені тамашалауға шақырды.

Көгілдір түсті таспаны Қалиғұмар ағаның мерейтойына арнайы келген құрметті қонақтар: Нұрманбет Қизатұлы, Сағымбай Қозыбаев, Ұлықбек Есдәулет, Валерий Жандәулетовтер бірлесе қиып, фотокөрмені ресми ашты. Мерейтой иесінің келіндері мен қыздары арнайы шашу шашты. Содан соң, барлық жиналғандар фотокөрмені тамашалауға мүмкіндік алды.

«Бүгінгі жиын, бүгінгі отырыс бұрынғыдан ерекше. Себебі бүгін КСРО және ЮНЕСКО Халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, Республикалық, халықаралық фотокөрмелердің жүлдегері, фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлының 85 жылдық мерейтойын ресми түрде бастап отырмыз» деп, кіріспе сөзін бастады да, ары қарай, «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті мүшесі, ардагер ақсақалымыздың осы күнін біздер асыға күттік десек артық айтқандық емес. Себебі өз ғұмырының елу жылдан астам уақытын туған еліне арнаған фотожурналист Қалиғұмар Қабдешұлы күллі қазаққа ортақ тұлға» деп, бір қайырды модератор Асылхан Әбдірайым.

Өз кезегінде Асылхан Әбдірайым, Қ.Қабдешұлын Бірлестіктің атынан арнайы Құрмет грамотасымен марапаттап, иығына «Қазақстан» атты шапан жапты.

Модератор келесі сөзді «Ұлы Дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының өкілі, тарихшы, қоғам қайтаркері Ғабиден Әділбекұлы Жәкейге берді. Ғабиден мырза Қалиғұмар ағаға Д.Қонаевтың арнайы төсбелгісі мен «От Сталина до Горбачева» кітабын сыйлады және Дәуренмен осы уақытқа дейін бірнеше ірі жобаларды бірге жоғары деңгейде атқарып жүргендерін айта келе, оны Армия генералы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапаттады.

Одан кейін арнайы келген қонақтар мерейтой иесі Қалиғұмар Қабдешұлын мерейтойымен құттықтады.

Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-Президенті, Әлемдік Жазушылар одағының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, ҚР Ішкі Істер органының ардагері, желтоқсаншы Дәулетбек Жанботаев құттықтау сөзін айта келе, мерейтой иесінің кеудесіне Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың орденін тағып, басына құндыз бөрік, иығына оқалы шапан жапты.

Ал, журналист, фольклоршы, шежіреші-зерттеуші Асқар Игенұлы Қалиғұмар ағаның 85 жас мерейтойына арнау өлеңін оқыды.

Одан кейін КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері, актер, режиссер Асанәлі Әшімовтың бейнеқұттықтауына кезек берілді.

Аталмыш кітаптың ең маңыздысы, осы кезге дейін «Құпия сапар» деген грифпен жарияланбай келген Антарктидадағы «Оңтүстік полюсте», яғни сондағы «Мирный» ғылыми-зерттеу станциясында түсірген фотосуреттері тұңғыш рет жарияланып отыр.

Қалиғұмар Қабдешұлы 1965 жылы Антарктидада болып мәңгі мұзды өлкені суретке түсірген және 1983 жылы Халықаралық Журналистер ұйымының мүшесі ретінде Чехословакияда №000017 қызметтік куәлігін алып ЮНЕСКО деңгейінде мойындалған алғашқы қазақ фотографы ретінде тарихқа еніп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, кітапқа фототілшінің фотосуреттері алғаш рет жанр-жанрға жіктеліп берілді.

Жинақ-кітап ғылыми-әдістемелік құрал ретінде студенттерге, ізденуші магистранттар мен докторанттарға және фотоөнерді қадірлейтін барша өнерсүйер қауымға арналған.

234 беттен тұратын ғұмырнамалық фотокітап «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің және Қабдешевтер әулетінің қолдауымен «Дарын» баспасынан таралымы 500 данамен жарық көрді. Кітаптағы баға жетпес құнды фотосуреттер Қ.Қабдешұлының жеке архивінен алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер