Балабақшада аяусыз соққыға жығылған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

966
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматының балабақшаларының бірінде қатарластарының баланы аяусыз ұрып-соғуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл істе ата-аналардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

"Алматының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан зардап шеккен баланың ауруханада, әжесінің жанында, жағдайы орта дәрежелі ауырлықта екенін айтады. Қазіргі уақытта жағдайдың толық мән-жайы зерттеліп, балалардың мінез – құлқының, қатыгездігінің себептеріне талдау жүргізілуде",- деп жазды Динара Закиева Instagram әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 ақпанда әлеуметтік желілерде таралған кадрларда Алматы балабақшаларының бірінде топтағы бірнеше бала өздері қатарлас баланы аяусыз ұрып-соққаны көрсетілген бейнежазба тараған. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, оқиға 21 ақпанда балалар қараусыз қалған кезде болған. Балабақша басшысы мен тәрбиешісі жазаланып, полиция қылмыстық іс қозғады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер