Балабақшада аяусыз соққыға жығылған бүлдіршіннің жағдайы белгілі болды

1968
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/0cbafe51-4bf7-4a59-ab0b-07184fdd9c5b.jpg

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматының балабақшаларының бірінде қатарластарының баланы аяусыз ұрып-соғуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл істе ата-аналардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. "Алматының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан зардап шеккен баланың ауруханада, әжесінің жанында, жағдайы орта дәрежелі ауырлықта екенін айтады. Қазіргі уақытта жағдайдың толық мән-жайы зерттеліп, балалардың мінез – құлқының, қатыгездігінің себептеріне талдау жүргізілуде",- деп жазды Динара Закиева Instagram әлеуметтік желісінде. Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 ақпанда әлеуметтік желілерде таралған кадрларда Алматы балабақшаларының бірінде топтағы бірнеше бала өздері қатарлас баланы аяусыз ұрып-соққаны көрсетілген бейнежазба тараған. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, оқиға 21 ақпанда балалар қараусыз қалған кезде болған. Балабақша басшысы мен тәрбиешісі жазаланып, полиция қылмыстық іс қозғады.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料