Алматы қаласы Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында адам өліміне соқтырған жол көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі Емцов көшесінің бойымен оңтүстік бағытқа қарай «ВАЗ» маркалы автобусты сүйретіп келе жатқан. Қозғалыс кезінде Камаз бен автобусты байланыстырып тұрған қатты ілмек үзіліп, салдарынан қоғамдық көлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға салдарынан 1990 жылы туған ер адам көз жұмған.
Алматы қалалық полиция Департаментінің анықтау Басқармасы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындаған.