Бүгін, 5 сәуірде Алматыда ауа райы күрт бұзылып, шаңды дауыл тұрды. Әлеуметтік желі қолданушылары көкжиекті басқан сұр бұлттардың, желдің қатты екпіні мен нашар көріністің кадрларымен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кейбір аудандарда электр қуаты ажыратылып, қала маңындағы Шалқар ауылында ағаштар құлап, электр желілеріне зақым келген. Ауыл тұрғындары интернеттің де өшіп қалғанын айтуда.
Алматы қаласында да интернет баяулаған.
Алматы қаласының ТЖД бұған дейін дауылды ескерту жасаған. Мамандар бүгін найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп ескерткен болатын.
Тұрғындарға абай болу, қажетсіз сыртқа шықпау ұсынылады.