Абай облысында жол апаты салдарынан көлік тізгіндеген әйел қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеп.
«Алматы – Өскемен тас жолында BMW көлігін басқарған әйел Аягөз ауылынан Семей қаласына қарай кетіп бара жатқан жолда рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жүргізуші әйел алған жарақаттарынан Жарма орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Екі жолаушы аман қалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген сәрсенбі күні тараған хабарламада.
Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ