Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды

991
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay / fancycrave1
Фото: pixabay / fancycrave1

Бүгін Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ қазақстандық сайтын бұғаттағаны белгілі болды. Бұл туралы KazFace.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

ЛГБТ сайты бұғатталғанға дейін басты бетінде мынадай мазмұндағы жазбалар  болады: "Selftanu.kz бұл -  ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өзін-өзі түсінгісі келетіндерге арналған жоба..."

Аталған сайттағы мақалалар мазмұны  Қазақстандықтардың наразылығын тудырды.  Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға арналған ЛГБТ+ жасөспірімдер сайты елімізде алғаш тіркелген күні көпшілік «қарсымыз» деген петиция бастады.

KazFace.kz редакциясы аталған сайтты  бұғаттаудың себебі туралы түсініктеме алу үшін ақпарат министрлігіне жүгінді.

"Интернет-ресурстағы мониторинг барысында "selftanu.kz" Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты таратуға  байланысты заңнаманың бұзылуы анықталған.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында  ЛГБТ қозғалысының идеяларын ашық интернет-ресурстарында тарату қауіпті. Ол мемлекеттік мәдени құндылықтар мен тарихи және дәсүірлі қағидаларымызға қайшы. Балалардың психо-жас ерекшеліктерін ескеріп, ақпараттық қауіпсіздік шараларын орнату негізінде бұғатталған.

Қазақстан Республикасының "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңда жыныстық-эротикалық сипаттағы материалдарға тыйым салынғаны көрсетілген.

Сондай-ақ, "Бала құқықтары туралы" заңда порнографияны тарататын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен қудаланады және оларды таратуға тыйым салынады делінген.

Аталған себептер бойынша министрлік "selftanu.kz" интернет-ресурсына шектеу шараларын қабылдады.

Сондай-ақ  Министрлік өкілі аталған сайт заң талаптарын орындап, ескерту орындалған жағдайда  интернетке қосылу қайта  қалпына келтірілетінін атап өтті.

Пікірлер