Қазақстан Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімді қолдайды

1398
Adyrna.kz Telegram
фото:  GOV.kz
фото: GOV.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімдерге қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Біз Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді қолдаймыз. Катар, Египет және АҚШ мемлекеттерінің ара ағайындық талпыныстарын жоғары бағалаймыз. Бұл күш қолдануды тоқтатып, кепілдегілерді босатуға және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді күшейтуге жасалған маңызды қадам. Қазіргі жағдайда бұл ауадай қажет шаралар. Қазақстан әрдайым бейбітшілік жағында. Бұл келісімдер қақтығысты ерте реттеуге негіз болады деп үміттенеміз", – деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілі Қазақстанның бұл мәселеде БҰҰ шешімдеріне сүйенетінін еске салды.

"Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысын «екі халыққа екі мемлекет» формуласы негізінде шешуді табанды түрде қолдайды. Бұл екі тәуелсіз мемлекет құруды білдіреді. Палестиндіктер мен израильдіктер осы мемлекеттерде қауіпсіз әрі бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алуы тиіс. Біз халықаралық қауымдастықтың ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатып, әділдік қалыптастыруға бағытталған талпыныстарын қолдауға дайынбыз", – деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша шамамен сағат 14:00-де Израиль тұтқындар тізімін алғанын және атысты ресми түрде тоқтататынын растады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер