Алматыдағы лай көшкіні. Үйінді астында қалғандардың бәрінің денесі табылды

1978
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы лай көшкінінен үйінді астында қалғандардың бәрінің денесі табылды. Министрлік лай көшкіні кезінде қаза болған отбасы туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматыда лай көшкіні кезінде бір отбасы үйінді астында қалған болатын.

Бұған дейін 16 жастағы баланың мәйіті табылған болатын. Ол егіздің сыңары, екінші бала да 16 жаста.

Министрліктің мәлімет бойынша, 1984 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел, 2007 жылы туған екі жасөспірімдердің мәйіті үйінді астынан шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Пікірлер