Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

1077
Adyrna.kz Telegram

Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді»,—деді ол.

Сондай-ақ министр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын британиялықтарға сыйға бергенін жеткізді.

«Тіл – халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі. Қазақ және ағылшын тіліндегі Oxford Qazaq сөздігін таныстыра отырып, біз жаңа тарихи белеске көтерілеміз. Соның арқасында әлем жұртшылығы мәдениетіміз бен халқымыздың тарихы туралы мол мәлімет білетін болады. Біз қазақ тілін тек қағаз жүзінде ғана емес, мемлекеттік тілді дамытуды цифрландыру арқылы белсенді түрде жүзеге асырамыз»,- деді Саясат Нұрбек.

Пікірлер