Өзбекстанда репрессияға ұшырағандардан 1 мыңнан астам адам ақталды

1035
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның жоғарғы соты КСРО-да қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.

Жоғарғы сот сотталған тағы 205 саяси тұтқынды ақтады. Елдің жоғарғы сотының мәліметінше соңғы жылдары ақталған Өзбекстан азаматтарының жалпы саны 1031-ге жеткен.

Қуғын-сүргін құрбандарының қатарында Ташкент судьясы Садулла Қасымов, 1930-1931 жылдары «Қасымовшылар ісіне» қатысып, мемлекеттік қылмыс жасады деген айыппен өлім жазасына және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған тағы алты адам бар. Олардың аты биыл ақталып жатыр.

Сонымен қатар, бас прокурор 1930-1938 жылдары партия ұйымдарында кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасады деп айыпталған 198 адамға қатысты 11 қылмыстық іс бойынша кассациялық шағым түсірген.

Жоғарғы Сот аталған адамдардың барлығын Республика Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 83-бабы бойынша ақтады.

Пікірлер