Әлем чемпионатында спортшы транс-қарсыласымен ойнаудан бас тартты

3351
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Спортшы транс-әйелге қарсы ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы nypost.com-ға сілтеп. 

Дартс бойынша әлем чемпионатының үш дүркін финалисі Дета Хедман 27 жастағы транс әйел Ноа-Линн ван Левенге қарсы ойнаудан бас тартты.

Тартысты бәсеке Данияда өтіп жатыр. WDF турнирінде ван Левен мен Хедман ширек финалда кездеседі деп жоспарланған болатын. Алайда, Хедман матчқа бойкот жариялады. Спортшы:

«Мен әйелдер арасындағы турнирде ер адамға қарсы ойнамаймын», - деді.

64 жастағы спортшы трансгендерлердің әйелдер жарысына қатысуына үзілді-кесілді қарсы екенін де жеткізген.

«Мен спорттан ләззат алу тоқтаған кезде оны тастаймын деп айтатынмын. Әйелдер дартсындағы қазіргі проблемалардан кейін бұл сәт жақындап келеді», - деп жазды спортшы Хедман өзінің X желісінде.

Айта кетейік, спортшы Ноа-Линн ван Левен 2014 жылы жынысын ауыстырып, өзін әйел деп санайтынын жасырмаған.

Пікірлер