АҚШ 34 тонна қару-жарақ плутонийін қайта өңдеуді жоспарлап отыр

1115
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pallava Bagla
Фото: Pallava Bagla

АҚШ 34 тонна қару-жарақ плутонийінің артық қорларын әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттыруға ниетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі АҚШ Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы (NNSA).

Басқарма мәліметінше, Америка қару-жарақ плутонийінің артық қорларын әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігін сақтап қалуды көздеп отыр.

Ал қаруға жарамды плутоний 239Пу ядролық қарудың негізі, ядролық жарылғыш құрал болып табылады.

NNSA мәліметтері бойынша, қазіргі кезде АҚШ қару-жарақтың артық плутонийін сұйылту, оны басқа заттармен араластыру арқылы жоюды жоспарлауда.

Дегенмен, плутонийды сұйылту әдісі оны қайтадан ядролық материалға айналдыруы да мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігі 2018 жылы қару-жарақ плутониийін электр энергиясын өндіру үшін атом электр станциясының отынына айналдыру әдісін қолданудан бас тартқан.

Ал Interfax.ru басылымының мәліметінше, Америка Құрама Штаттары атлалмыш элементті қару-жарақтың артық мөлшерін жою мақсатында Оңтүстік Каролина штатындағы Саванна өзеніндегі NNSA нысандарында, Нью-Мексикодағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында, сонымен қатар Техастағы Pantex зауытында жаңа өндіріс орындарын салуды жоспарлап отыр.

Пікірлер