Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланды

1713
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыдағы Костенко шахтасында 4 конвейер штрегі түтіндеп, 187 кенші шахтадан жер бетіне шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Жасанды дене төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттаған. Бұл конвейер таспасында түтіннің шығуына себеп болды»,—деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

ТЖМ конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановтың алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойғанын айтты.

Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.

«Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған.

Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды, учаске басшылары мен бақылаушылар қатарынан 7 қызметкер оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін сол жерде қалды. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ»,—делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 28 қазанында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Оның 205-і жер бетіне шығарылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер