Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей-бұрышы ашылды

1334
Adyrna.kz Telegram

ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам экспонат мемлекеттік сақтауға қабылданды.

«Ескендір Өтегенұлының шығармашылығы мен еңбегі халыққа тиесілі. Енді қазақстандық эстрада аңызының қолжазбалары, наградалары, фотоальбомдары, сыйлықтары, кітаптары, ордендері мен медальдары Мемлекеттік архивте сақталады, өскелең ұрпақ қажет болған жағдайда осында келіп, таныса алады. Отбасымыздың атынан баршаңызға алғыс білдіремін», - деді ҚР Халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиева.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Ескендір Өтегенұлының туыстары мен жақындары, достары мен серіктері қатысты.

«Архив – бұл халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтайтын, болашақ ұрпаққа мирас ететін маңызды құрылым. Бүгін Алматы қаласының архиві Ескендір Хасанғалиевтің жеке қорынан алынған бағалы материалдармен толықтырылды. Туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілігін өнерімен жеткізген композитордың шығармаларын сақтау және насихаттау – баршамызға ортақ міндет», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер