АҚШ тәжікстандық оқушыларға 240 мыңнан астам ағылшын тілі оқулығын сыйлады

920
Adyrna.kz Telegram
Сурет: tj.usembassy.gov
Сурет: tj.usembassy.gov

АҚШ Тәжікстанның орта мектептеріне 242 мың дана ағылшын тілі оқулықтарын сыйға тартты. Кітаптар 10-11 сынып оқушыларына арналған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқулықтарды ресми тапсыру рәсімі Душанбеде АҚШ елшісі Мануэль Микаллердің, Білім және ғылым министрі Саидзод Рахим Хамроның, Ага Хан Даму желісінің тұрақты өкілі Қозидавлат Коимдодовтың қатысуымен өтті.

«Оқулықтарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал ететін тіл үйренудің заманауи әдістері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған оқыту, коммуникативті оқыту және жаттығуларға негізделген оқыту қолданылады», - деді АҚШ елшілігі.

Қазіргі таңда 8-9 сыныптарға арналған 350 мыңнан астам ағылшын тілі оқулықтарын Тәжікстанға беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон орыс және ағылшын тілдерін оқытуды жақсарту қажеттігін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы 2023 жылды орыс тілінің жылы деп жариялады.

Пікірлер