Ақтөбеде жаппай төбелес салдарынан екі жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды

4062
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде топтық төбелес салдарынан екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” порталы Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп.

«2 қаңтарда Instagram желісінде кәмелетке толмаған жігіттер арасында жанжал туындап, нәтижесінде келесі күні Алмаз дүкенінің жанына біреуі екіншісін кездесуге шақырды. 2 қаңтар күні сағат 23.00 шамасында топтық төбелес кезінде кәмелетке жасөспірімді пышақтап кеткен. Нәтижесінде екі кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында есін жимастан көз жұмды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, төбелес туралы хабарлама «102» пультіне 3 қаңтар күні сағат 00.10 шамасында түскен.

«Бізге Ақтөбедегі Қызылжар ауылында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында топтық төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен облыстық прокуратураның басшылығы шықты», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1, 9 және 14-тармақтары бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

«Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды», - деп қосты облыс прокуратурасы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер