Түркістан тұрғынына ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды

3957
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Түркістан облысының тұрғынына ұлтаралық араздықты қоздырып, видео түсіргені үшін халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаменті 28 жастағы ер адамның қазақ және өзбек халықтары өкілдерінің арасында алауыздық тудырғанын атап өтті.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Ер адамның шетелде жүргені анықталды»,—делінген хабарламада.

Ер адам әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұрады.

«Барлығыңыздан кешірім сұраймын. Қазақстанда біреумен-біреу ұрысып, келіспеушілік болған емес. Қаншама дос, қаншама танысым бар.. Сөз аузымнан байқаусызда шықты»,—деді ол.

Бұған дейін Түркістан тұрғыны өзбек көтерілсе, қазақтардың жағдайы қиын болатынын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер