Антикор QazaqGaz компаниясындағы тұтқындау әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

1261
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет QazaqGaz компаниясындағы ұсталғандар туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Астанада өткен брифинг барысында «QazaqGaz» АҚ қызметкерлері мен басшылығының ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратқа түсініктеме берді.

«Осыған байланысты, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдалануы мүмкін деген факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Объективтілікті қамтамасыз ету және қылмыстық әрекеттің мән-жайын жан-жақты зерделеу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ешкім қамауға алынған жоқ. Ешкімге айып тағылған жоқ. Тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жариялауға жатпайды», - деді «Антикор» ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Бұған дейін БАҚ 21 қарашада QazaqGaz жүйесіндегі топ-менеджерлерді тінту және ұстау шаралары болғанын хабарлаған болатын. Орталық аппарат басшысы мен еншілес компания «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС басшысы мән-жай анықталғанша қамауға алынды делінген болатын.

Пікірлер