450 млн теңгелік күдік. "Қазақтелеком" филиалы директоры мен қызметкерлері ұсталды

345
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

“Қазақтелеком" АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары "өкілеттілігін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ филиалы  сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдіктенеді»,  делінген Антикор хабарламасында.

Сондай-ақ, басшылықтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 миллион теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер