Арғын Нығматулин халықаралық іздеуде. Антикор мәлімдеме жасады

297
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alash.kz
Фото: Alash.kz

Антикоррупциялық қызмет Арғын Нығматулинді іздестіру бойынша мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Арғын Нығматулинге қатысты қылмыстық іс 2024 жылғы 7 желтоқсанда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 186-бабына сәйкес Бас прокуратураға берілген.

"Біз тергеу барысын түсіндіре алмаймыз. Бірақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іздестіру шаралары біздің құзыретімізде екенін айта аламын. Аталған тұлғаны іздестіру бойынша жедел іс-шараларды Антикоррупциялық қызмет жүзеге асыруда. Іздестіру жалғасуда, өкінішке қарай, қазіргі уақытта егжей-тегжейлі ақпарат бере алмаймын. Себебі бұл оның жасырынуына әсер етуі мүмкін", – деді Данияр Биғайдаров Антикорда өткен брифингте.

Сондай-ақ ресми өкіл Арғын Нығматулиннің Қазақстан аумағынан тыс жерде болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Өйткені оған халықаралық іздеу жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулин мен басқа да тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Сот шешімімен Нығматулинге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданып, оған әздеу жарияланған.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету қылмысы үшін 7 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру қарастырылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер