Алматыда «Тенгриада» қойылымының тұсаукесері өтті

1387
Adyrna.kz Telegram

Алматыда үш күн бойы «Тенгриада» қойылымының тұсаукесері болып өтті. Халықаралық "Тенгриада" спектакль-жобасы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына және мәдени алмасу жылының аяқталуы аясындағы жүзеге асты. Спектакль халықаралық жоба болғандықтан қойылымда Корея Республикасының актерлары, Республикалық корей театрының әртістері өнер көрсетті.

"Тенгриада"  спектаклі Қазақстан мен Корея халқының мәдени құндылықтарын біріктіріп, екі елдің бірлескен рухани және мәдени дәстүрлерінің дамуына ықпал етті. Туынды Кореяның негізін қалаған тұлға Тангунның заманын, сол кездегі өмір мен мистикалық жағдайларды бейнеледі.

 Поэтикалық сипаттағы бұл қойылымның тарихы тым тереңнен тамыр тартады. Өйткені қазақ халқында «Тәңірі» деген ұғым болса, Корейлерде бұл «Тангун» деп аталады.  Яғни корей  мен қазақ дүниетанымында өзара байланысты дүниелер баршылық.  Жалпы Шығыс халықтарының рухани, дүниетанымдық байланыстары, тарихи тамыры бір екені белгілі. Қойылым осы ауқымды саланы қамтыған. Жалпы адамзатқа ортақ ізгілік, адамгершілік адал, шынайы махаббат спектакльдің негізгі түйіні болды дейді,- Кореялық актер Ким Доң Ёң

"Тенгриада " спектаклінде  рухтар мен бақсылардың билері, тайпалардың шайқастары, жекпе-жек көріністері көрермен назарына ұсынылды. Сонау ерте кездегі Көк Тәңірі заманын өзек еткен қойылым аңыз желісі бойынша дайындалды. Қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырып, өнер сүйер жандардың жүректерінен орын алды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер