Қазақстан үкіметі АҚШ жарлығынан кейін мәлімдеме жасады

672
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа сауда тарифтеріне қатысты жарлығынан кейін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрліктің мәліметінше, алдын ала жүргізілген талдау нәтижесі бойынша Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарлардың басым бөлігі қосымша тарифтік шектеулерге ілікпейді. Өйткені бұл өнімдер АҚШ әкімшілігінің ерекше жағдайлар тізіміне енгізілген.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артқан. Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 30,6%-ға өсіп, 2,0 млрд АҚШ долларын құрады, ал АҚШ-тан Қазақстанға импорт көлемі 2,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстан АҚШ-қа негізінен шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да өнімдерді экспорттайды. Бұл тауарлар АҚШ президентінің "Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы" Жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген. Осылайша, Қазақстандық тауарлардың 92%-ына қосымша тарифтер қолданылмайды.

Қосымша баж салығы белгілі бір тауар топтарына ғана қатысты енгізіледі. Бұл тауарлардың экспорт көлемі 2024 жылы 95,2 млн АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, фосфор – 15,9 млн АҚШ доллары, ферросилиций – 12,7 млн АҚШ доллары, линзалар – 4,1 млн АҚШ доллары, бидай клейковинасы – 4 млн АҚШ доллары, аммоний нитраты – 2,4 млн АҚШ доллары

Жалпы, қабылданған тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспортының 4,8%-ына ғана әсер етеді. Үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге ниетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп "әділ бәсекелестікті қалпына келтіру" және америкалық өндірушілерді қорғау мақсатында жаһандық сауда тарифтерін енгізетінін мәлімдеген болатын. Қазақстан бұл саясатқа іліккен елдердің қатарына енді. Енді Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын кейбір өнімдерге 27% мөлшерінде баж салығы салынады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер