Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс іздеп келгендердің саны артқан

1000
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстаннан Қазақстанға жұмыс іздеп келген еңбек мигранттарының саны артуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

2024 жылдың басында Қазақстанда 196,8 мың Өзбекстан азаматы жұмыс істесе, 2025 жылдың басында олардың саны 322,7 мыңға жеткен.

Агенттік мәліметтері бойынша, Өзбекстанның мигранттары Ресейде жұмыс істеуге қызығушылық танытпай қалған. 2024 жылдың басында Ресейде еңбек мигранттарының саны 1,2 миллионнан 698 мыңға дейін азайған. Дегенмен, Ресей әлі де Өзбекстаннан келген мигранттар саны бойынша көш басында тұр. Қазақстаннан кейін Түркия. Бірақ ондағы көрсеткіштер 119,8 мыңнан 88,7 мыңға дейін төмендеген.

Қазір шетелде 1,35 миллион өзбекстандық жұмыс істеп жүр. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға аз.

Мигранттардың өз елдеріне оралу тенденциясы да байқалуда. 2024 жылдың қазан айына дейін Өзбекстанға 115 мың еңбек мигранты қайтып оралған. Жыл соңына дейін тағы 250-300 мың адам елге оралады деп күтілуде.

2024 жылы ұйымдасқан түрде шетелде жұмысқа 161,8 мың өзбекстандық жіберілген. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 4 есе артық. Сонымен қатар, ұйымдасқан жұмысқа қабылдау географиясы кеңейіп, Хорватия, Бельгия, Словакия, Сербия, Черногория мен Қатар елдерінде 10 мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан.

Өзбекстанда 2024 жылы 122 жұмыс берушімен 36 елде келісімдер жасалып, 62,3 мың азамат кәсіби даярлық пен тіл үйренуге қатысқан.

Пікірлер