ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАУДЫҢ ТӨРТ ТИІМДІЛІГІ немесе МЕРИТОКРАТИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

2198
Adyrna.kz Telegram

 

Қадірлі достар!

Бәріміз бір сәтке тоқтайықшы! Тоқтайық та, алдағы тоқтам туралы ойланайықшы! Дұрыс таңдау жасаудан жаңылмайықшы! Тура жолымыздан адаспайықшы! Болашақ Президентімізді елге сіңірген еңбегіне, талантына, мінезіне, білім-біліктеріне, қабілет-қарымдарына байланысты сайлағанымыз жөн деп санаймын. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көп сөйлемейтін, бірақ әр қадамын ойланып, толғанып барып басатын, әр сөзін таразылап барып алға тартатын НАҒЫЗ ДИПЛОМАТ, ӘЛЕМДІК САЯСАТТЫҢ БІРДЕН-БІР САЛМАҚТЫ БІЛГІРІ! Мен сіздердің назарларыңызға Қ.К.ТОҚАЕВТЫ ТАҢДАУДЫҢ ТӨРТ ТҮРЛІ ТИІМДІЛІГІН жеткізбекпін:

1-тиімділік. Қ.К.Тоқаев – Ел Тәуелсіздігінің тұғырдан таймауына өзіндік үлес қосқан білгілі де беделді саясаткер, мемлекет қайраткері. Ел Тәуелсіздігіне ширек ғасыр бойы елеулі еңбек сіңірген тарихи тұлға осы Тәуелсіздік Туын биік желбіретуге бар күш-жігерін, қажыр-қайратын салатындығына сенім кәміл. Ал Тәуелсіздігімізден айрылмау – «кемедегі жаны бір» бәріміз үшін тиімді. Тәуелсіздік – ең асыл елдік мұратымыз.

2-тиімділік. Қ.К.Тоқаев – білімі мен білігін, таланты мен тапқырлығын әлем саясаткерлері мойындаған бірден-бір үміткер. Басқа үміткерлердің арасынан бұл тұлғаның әлемдік саяси аренадағы беделімен иық теңестіретіндей жан табылмайды. Қолына кір жұқпаған, абыройына дақ түспеген бірден-бір арда азаматты Елбасымыздың да ұсынуы – кемеңгерлік. Қ.К.Тоқаевтың әрқашан былғаныштан бойын аулақ ұстаған, артынан ешқандай сөз ермеген салиқалы да дана тұлға екендігін біле тұра, біз адасуға жол бермеуіміз керек деп ойлаймын. Саясаткер үшін әлем алдында да абыройлы болу – оңай шаруа емес. Бұндай тұлғаның табылғандығы – ортақ жеңісіміз.

3-тиімділік. Қ.К.Тоқаевтың тағы бір артықшылығы – өз елінің тіршілік-тынысымен қатар, өзге елдердің де мәдениеті мен әдебиеті жетістіктерін, саяси ахуалдарын, экономикалық қыр-сырларын терең әрі жан-жақты білетіндігінде, оны біліп қана қоймай, өз елінің есебі үшін ұтымды пайдалана алатындығында. Іскер басшы – тиімді.

4-тиімділік. Қ.К.Тоқаев – меритократиялық ұстанымы берік, ешқандай рушылдық, жершілдік дерттерімен ауырмаған жан. Қ.К.Тоқаевтың сайлауға түсуінің өзі – меритократияның мерейлі көрінісі. Лайықты тұлға болашақта Президент болып сайланған жағдайда да осы меритократиялық ұстаным тұрғысынан ойланып, шешім қабылдайтындығы ақиқат. Меритократиялық әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып, бәріміз бірге Қ.К.Тоқаевты таңдасақ, біз де меритократиялық мәдениеттің қоғамда орнығуына кең жол ашамыз. Меритократия – бұл сөзді түсінетіндерге тиімді.

Уа, халайық, тура жолдан, таймайық,
Қазақстанның гүлі болып жайнайық.
Тәуелсіз Ел Президенті етіп біз,
Қасым-Жомарт Кемелұлын сайлайық!

Уа халайық, жақсылықты жалғайық,
Адасуға, жаңылуға бармайық.
Тәуелсіз Ел Президенті етіп біз,
Қасым-Жомарт Кемелұлын таңдайық!

Уа, халайық, Тұлғамызға сенейік,
Сол Тұлғаның соңынан біз ерейік.
Қасым-Жомарт Кемелұлы – лайықты,
Лайықтыға даусымызды берейік!

Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев

Пікірлер