Бүгінде қазақ мәдениеті мен әдебиетіне һәм спортына шеттен келген қандастардың қосқан үлесі зор. Бұдан тыс ауыл-шаруашылығы мен мал шаруашылығы, тіпті әр түрлі қара жұмыстадың да біразына араласып, өзіндік еңбегімен үлес қосып келеді. Тіпті, халық санын арттыруда орыны ерек екені айтпаса да түсінкті...
Алайда, шекарадан заңды өтіп, құжатымен келіп, түрлі себептермен құжатсыз қалған қандастарымыз қаншама?.. Былтыр республика көлемінде 50 мыңға жуық қандас азаматтық ала алмай жүрді деген ақпарат тараған болатын. Ізінше заңгер Абзал Құспанның араласуымен аталған құжаттар (тізімі жасалып) тиісті министрлікке жетті. Араға екі-үш ай талқылаудан кейін Елбасы жарлығымен бір жылдық жеңілдетілген тәртіп жарияланып, барлық қандастарға құжаттарын рәсімдеп алуға мүмкіндік беретін бұйырық шығарды. Алайда, мұнымен еліміздегі шеттен келген қандастардың құжаттық «жыры» бітетін түрі жоқ...
Мысалы, қытай паспортының уақыты өтіп, еш құжатсыз қалған қандастарымызға Қытай елшілігі ҚР СІМ мен қоғамдық ұйымдардың араласуымен жаңа құжат жасап берді. Бірақ, шекарадан өтті деген не бір мөрі не визасы жоқ аталған паспорттың барынан не қайыр дерсіз, ҚР азаматтығын алуға жарамаса?..
Яғни, ҚР азаматтығына құжат тапсыру үшін паспорттың бетінде виза, шекарадан өткен күні, мөрі барлығы болуы керек екен. Енді мұны жергілікті көші-қон мекемелері қабылдауға еш мүмкіндік жоқ. Заң бойынша шектеу қойылған.
Шешудің екі жолы ғана бар ;
1-Қытайға барып барлық талаптарды орындап қайту. (Ол жақтан қайта келу мүмкін емес, сондықтан жергілікті полиция қызметкерлерімен «ұштасып» құжатсыз болса да, Қазақстанда жүре тұру)
2-Жең ұшынан жалғасып, ҚР азаматтығын алу. Оған құжатсыз, жұмыссыз 10 жылдан астам күнелтіп келген кейбір қандастардың қалтасы көтере бермейді...
Осы және өзге де түйткілді мәселелерді «Алматы жастары» орталығында талқылап, ҚР президентіне ашық хат жолдау арқылы, мәселенің оң шешім табуын сұрайтын боламыз. Онда 30- дан астам қандастар келіп, нақты жағдайларымен бөлісетін болады. Қазірге біздің есебіміз бойынша Алматы облысында 5000-ға жуық қандас құжат алуға мүмкіндігі болмай, сабылып жүр. Бейресіми ақпараттарға сүйенсек, кейбірі жергілікті полция өкілдерінен тығылып, қашып жүргенге ұқсайды.
Өз елі, өз жерінде «қашқын» болып жүрген қандастарға көп болып қолдау көрсетерсіздер деген ойдамыз!
Жиын орны: Алматы қ. Гоголь-Байтұрсынұлы қиылысында
Уақыты: 29.05.2019ж
Басталуы: сағ 15:00
Байланыс жасаушы: Құрметолла
87052229300