Ордабасы ауданы: "Біз тұрғындардың мүддесін сақтаймыз"

2536
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбектің Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округі, Ақбұлақ ауылындағы қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу зауыты құрылысына қатысты жазбасына сәйкес төмендегіше мәлімдейміз:

Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округі, Ақбұлақ ауылында құрылысы жоспарланған, қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу зауыты бойынша бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарымен бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесулер өткізілді.

Бұл кездесулер қоғамдық тыңдау емес, тұрғындар арасында түсіндіру шаралары болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазанда қабылданған № 375-V «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің» 14-бабы, 2-тармақшасында «Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс» екені көрсетілген. Осы мақсатта Ордабасы ауданының өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылды.
Түсіндіру жұмыстары арнайы құрылған жұмысшы топтың іс-шара жоспарымен белгіленген. Бұл кездесулерге зауыт құрылысын жүргізетін инвестор өкілдері, эколог-мамандар қатысып, күрделі технологиялық процесстың жер қыртысына, ауаға, суға келтіретін әсерлерін талқылады. Инвестор тарапынан шетелде тұрған дәл осындай прототипті зауыт туралы бейнероликтері, сонымен қатар мамандардың зауыт құрылысы мен оның жұмысының экологияға зияны жоқтығын растайтын пікірлері қоса ұсынылды.
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына инвесторлардың өтініш білдіруіне байланысты Ордабасы ауданы Бадам ауыл округі Ақбұлақ ауылында металлургиялық зауыт құрылысын жүргізу бойынша қоғамдық тыңдау 11-ші маусымға белгіленген.
Қоғамдық тыңдау барысында арнайы жұмысшы топ мүшелері тұрғындар мүддесінің сақталуы мен өтініш-тілектерінің барынша назарға алынуын қадағалайтын болады.

Пікірлер