Әлем чемпионын жеңген Әлішер Сүлейменов. «Шахматқа кездейсоқ келдім»

1752
Adyrna.kz Telegram
Сурет: serpukhovchess.ru
Сурет: serpukhovchess.ru

Дохада Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлем чемпионы, дүние жүзіндегі үшінші шахматшы саналатын норвегиялық Магнус Карлсенді сенсациялық түрде жеңген 23 жастағы Әлішер Сүлейменов шахматқа қалай келді, бұл саладағы алғашқы қадамы қандай болды? Адырна тілшісі сұхбаттасып көрді.

- «Әлем чемпионын» жеңген сәттегі алғашқы әсеріңізбен бөліссеңіз?

- Шынымды айтсам ойынның соңғы минуттарында дейін, тіпті менің жеңгенімді хабарлағанға дейін сене алмадым. Қатты қобалжыдым өйткені мен үздік шахматшымен бақ сынастым. Журналистер сұхбат беруімді сұрады, бірақ мен өзіме келе алмай уақыт беруін сұрадым.

- Шахматқа қалай келдіңіз, неше жастан бастап жарыстарға қатыстыңыз?

- Мен шахматқа 9 жасымда келдім. Дегенмен бұл шахмат үшін тым кеш саналады. Әдетте 6 жас ең оңтайлы уақыт. Мен Қазақстандық, халықаралық турнирлерге тез шығып кеттім. Иә кеш бастағаныма қарамай 1 жылда жақсы нәтижеге қол жеткіздім.

- Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз. Бауырларыңыз болса, олар да спортқа жақын ба?

- Мен отбасыда жалғыз ұлмын. Бірақ туыс аға, бауырларым өте көп. Әкем шахматпен айналыспаған, алайда  кішкентай кезімнен осы спорт түріне баулыды. Яғни қанымызда кәсіпқой шахматшылар жоқ. Оның үстіне мен шахматқа кездейсоқ келдім. Досым шақырған және бұл маған қатты ұнады.

- Мемлекеттен қандай да бір қолдау ретінде төлем төлене ме?

- Мемлекеттен қолдау бар. Мен Қазақстан ерлер құрамасының мүшесімін. Қазақстанда рейтинг бойынша екінші шахматшымын. Сонымен қатар Қазақстан шахмат федерациясы да қолдау көрсетеді. Бұл маған жақсы көмектеседі, ары қарай жылжуыма өз септігін тигізуде.

- Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар? Шәкірт тәрбиелеу ойда бар ма?

- Шәкірт тәрбиелеу ойымда жоқ (күлді) бірақ алдыға уақытта шахмат мектебін ашқым келеді. Әрине алдымен мен өзімнің деңгейімді өсіріп, белестерді бағындыруым үшін тоқтамай жұмыс жасауым керек.

- Ашық әрі шынайы жауап бергеніңіз үшін рахмет! Алар асуларыңыз көп болсын!

Салтанат Ерболат

Пікірлер