7 жастағы Қайрат шахматтан әлем чемпионы атанды

598
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жас шахматшы Қайрат Абдул-Мәлік Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгі категорияда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлімдеді.

Абдул-Мәлік соңғы турға дейін 8 ұпай жинап, қарсыласынан бір ұпайға озып шықты. Шешуші ойында ол Үндістан өкілі Ом Еш Готтумукаланы жеңді.

Жарыс нәтижелері (U7, 31 қатысушы):

1.Қайрат Абдул-Мәлік (Қазақстан) – 8 ұпай

2.Ом Еш Готтумукала (Үндістан) – 7 ұпай

3.Муслим Амраев – 2,5 ұпай

Қалған 10 жас санатында да жүлдегерлер анықталуда. Қазақстандық шахматшылардың жетеуі жүлделі орындарға үміткер.

Өткен жылы шахмат чемпионаты Перудің Лима қаласында өткен болатын. Сол кезде қазақстандық Айару Алтынбек (G13) алтын, ал Иман Набиев (O9) қола медаль жеңіп алған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер