Көкшетауда бір жарым жасар бала 4 қабаттан құлап кетті

2313
Adyrna.kz Telegram

Көкшетауда бір жарым жасар бала 4 қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Оқиға туралы полицияға облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің медбикесі хабарлаған.

"Бала 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл кезде анасы ас үйде ыдыс-аяқ жуып жатқан, әкесі ұйықтап жатқан. Өтіп бара жатқан адамдардың айғайлаған дауысын естіп төменге түсіп, құлап жатқан балаларын көрген. Ата-анасы баланы өз күштерімен балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді", – делінген Ақмола облысының полиция департаментінің хабарламасында.

Бала қазір комада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, баланың бас сүйегі ауыр жарақат алған, миы қатты зақымданған және бас сүйегі сынған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер