Қазақстандықтар терроризмге қатысты ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы алуы мүмкін

1754
Adyrna.kz Telegram

ҰҚК лаңкестік актісі туралы ақпарат таратқан қазақстандықтарға берілетін сыйақы мөлшерін атады, деп жазады "Адырна". 

Егер бұл ақпарат жағдайдың алдын алуға көмектессе ғана, хабарлаушы сыйақы талап ете алады, бірақ нюанстар бар.

Терроризм актісіне байланысты қылмыстық істер бойынша сыйақының мөлшері Қылмыстық кодекстің 255-бабының бөліктеріне байланысты:

▪️1 және 2 бөліктері – 750 АЕК (2 587 500 теңге);

▪️3 және 4 бөліктері - 1000 АЕК (3 450 000 теңге).

Егер ақпарат кінәліге қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот шешіміне немесе сот қаулысына әкеп соқтырса, не адамның қайтыс болуына, оны ақыл-есі дұрыс емес деп тануына байланысты қылмыстық іс тоқтатылатын болса, ақша төленетіні атап өтілді.

 

Пікірлер