Ертістен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам денесі табылды

2472
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында Ертістен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Марқұмның мәйіті көлікте болған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға туралы павлодарлық құтқарушылар хабарлады. Құтқарушылар 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.

"25 маусымда Ертісте жедел-іздестіру шаралары барысында эхолот көмегімен 10-15 метр қашықтықтан шамамен бес метр тереңдікте көлік табылды. Сүңгуір суға сүңгіп, көлік аударылып жатқанын растады. Арнайы техника көмегімен көлік жағаға шығарылып, "102" қызметіне тапсырылды. Жоғалған адамның денесі салон ішінен табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер