Ертістен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам денесі табылды

3519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-26_090528376.png
Павлодар облысында Ертістен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Марқұмның мәйіті көлікте болған, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жантүршігерлік оқиға туралы павлодарлық құтқарушылар хабарлады. Құтқарушылар 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.
"25 маусымда Ертісте жедел-іздестіру шаралары барысында эхолот көмегімен 10-15 метр қашықтықтан шамамен бес метр тереңдікте көлік табылды. Сүңгуір суға сүңгіп, көлік аударылып жатқанын растады. Арнайы техника көмегімен көлік жағаға шығарылып, "102" қызметіне тапсырылды. Жоғалған адамның денесі салон ішінен табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Павлодар Облысы Тжд (@pavlodar_tjd)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Comments
Other materials