Сапасыз құрылыс па, әлде оқыс оқиға ма? Қарағандыда қатты дауылда ұшып кеткен баланың жағдайы қандай?

3077
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда қатты дауыл соққанда ойын алаңшасының төсемімен қоса ұшып кеткен балаға бірнеше ота жасалды, деп хабарлайды “Адырна” Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қарағанды облысында қатты дауыл соққан еді. Табиғи құбылыстың салдарынан ойын алаңшасының төсемімен бірге кішкентай баланың ұшып кеткені жайлы хабарлаған едік. Бүгінде зардап шегушіге бірнеше операция жасалып, медицина мамандары емдеу шараларын қолданып жатыр. Бұл туралы Х. Мақажанов атындағы Қарағанды облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері мәлім етті.
Ақ халаттылар баланың қайта қалпына келуі туралы нақты болжам айта алмайтындарын жеткізді.

Мақажанов клиникасының мамандарынан құралған мульдисциплинарлы тобы: бет-жақсүйек реаниматолог-хирургі, анестезиолог, балалар ортопеді бірқатар ота жасады. Атап айтқанда бет скелеті сүйектері қалпына келтірілді, бұдан бөлек металл пластиналарын қолдана отырып бет сүйектеріне металлоостеосинтез жасалды. Сонымен қатар білек сүйектеріне жабық репозиция жүргізіліп, металл спицалар салынды, - деді аурухана басшысы Ерік Шонбаев.

Пікірлер