Титаник кемесінің ізіне түскендер қаза тапты, деп мәлімдейді “Адырна”.
3 күн бұрын Атлант мұхитынада Титаник кемесінің қалдықтарын көруге аттанған туристердің жоғалып кеткендігі жайлы хабарлаған едік. Алайда жоғалғаг “Титан” сүңгуірі тиесілі компания іс-түссіз жоғалғандардың қайтыс болғанын мәлімдеді. Олар мерт болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
Мұндай түйінге бірнеше фактор әсер етіп отыр. Титаниктың тылсымын тамашалауға кеткендерді іздестіру тобы Атлант мұхитында жоғалып кеткен «Титанның» бөлшектерін тапқан. Ал туристер тірі қалған жағдайда да оларда тек 96 сағатқа жететін оттегі болған. Алайда бейсенбі күні ол таусылды. Кеше жағалау күзеті су астында белгісіз дүмпу болғанын тіркеген. Қазір оның анық-қанығы тексерілуде.
Бұл сапардың құны бір адамға 250 мың доллар тұрған. Деректер бойынша сүңгуір бортында британдық миллиардер, пәкістандық кәсіпкер 19 жастағы ұлымен, француз зерттеуші және OceanGate-тің негізін қалаушы болған.