Ауаны ластағаны үшін. “АрселорМиттал Теміртау" компаниясына айыппұл салынды

2430
Adyrna.kz Telegram

Экологтар тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы бойынша Экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

05.09.2022 және 03.10.2022 жылдар аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты "Жол картасы" бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның барлық кәсіпорындардағы цехтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында департамент компанияның Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын өрескел бұзушылықтардың бірқатарын анықтады, - делінген ведомство хабарламасында.

Негізгі заң бұзушылықтар кокстеу, ЖЭО-2, агломерация, домна пеші, № 2, № 3 ,әк күйдіру цехы сияқты цехтар үшін рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінен асып түсті.

Анықталған заң бұзушылықтар үшін Департаментпен табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, Теміртау қаласының әкімшілік сотының қаулысымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін 2023 жылдың 15 тамызына дейін айыппұлды үш кезең бойынша бөліп төлеу жоспары белгіленді.

Пікірлер