"Өлім періштесі". Карл III-тің тәж кию рәсімінде қара киімді бейне байқалды (ВИДЕО)

2608
Adyrna.kz Telegram

Желі қолданушысы Карл III-тің тәж кию рәсімінде жүгіріп бара жатқан жұмбақ капюшон киген қара адамды байқап қалды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Оқиға Карл III-тің ресми тәж кигізу рәсімі кезінде орын алды. Вестминстер аббаттығына кіре берісте қолында таяққа ұқсайтын заты бар, қара капюшон киген бейне өтіп кетті.

Мұны Twitter қолданушысы Realjoegreeeen байқаған.

Твит авторы фигураны Grim Reaper, деп атады, бұл ағылшын тілінен аударғанда "өлім періштесі" дегенді білдіреді. Бұл жазба бірден желіде тарап кетті. Алайда көптеген қолданушылар белгісіз фигураны Диана ханшайымның елесі деп әзілдеп қателескен. Кейбіреулер мұны Диананың кек алуы деп те атады.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Оның ұлы, 73 жастағы ханзада Чарльз автоматты түрде патша болды және Чарльз III деген есімді алды.

Тәж кию рәсімі 6 мамырға жоспарланған. Қазақстаннан бұл шараға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысуы керек еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Пікірлер