Британдық мұнай-газ компаниясы Қазақстанды сотқа бермек

316
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

Британдық мұнай-газ компаниясы Victoria Oil & Gas Энергетикалық хартияның ережелеріне сүйене отырып, Қазақстанға қарсы шағым түсіреді. Шағым Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықта (ICSID) тіркелген, деп хабарлайды Адырна” ұлттық порталы.

Energy Monitor деректеріне сәйкес, шағым ресми түрде тіркелген. 

Victoria Oil & Gas 2005 жылы Saga Creek Gold Ltd-тен Кемерколь кен орнындағы 100% үлесті 8,5 миллион долларға сатып алған. Компания бірнеше ұңғыма бұрғылап, мұнайдың геологиялық қорын 15 миллион тонна деп бағалаған. Алайда 2008 жылы белгісіз себептермен жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шарт бұзылған.

2008 жылы Кемеркөл кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығын Saga Creek Gold Ltd-тен “Бақыт Тау” ЖШС 360 миллион теңгеге сатып алған.

Сегіз жылдан кейін, 2016 жылы, “Бақыт Тау” ЖШС бұл құқықты “Ап-Нафта Оперейтинг” ЖШС-не 1 360 миллион теңгеге табыстаған.

2023 жылғы нақты өндіріс көлемі 14,7 мың тонна болды. Белсенді ұңғымалар қоры – 12 бірлік. Орташа сулануы – 79%, делінген жарияланымда.

Авторлардың айтуынша, кен орны жүздеген миллион доллар тұратындай ауқымды емес.

Олардың болжамынша, бұл шағымның экономикалықтан гөрі саяси астары басым.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер