Әзімбай Ғали:  Қытайдың саяси альтернативалары (саяси болжау тәжірибесі)

2117
Adyrna.kz Telegram

Қытай ыдырайды-растаймын. Бірақ, Қытай территориясы бөлшектенбейді.  Мәселе тек саяси күштерді әртараптануында  ғана. Қытай  іс жүзінде екі-үш саяси тарапқа бөлінді. Қазіргі Қытай тұрмысының төмендеуі авторитаризмді тоталитаризмге айналуы мүмкіндігін төмендетеді. Қытай тынышталмайды.

Екі-үш  тарап күресі - демократияға жол ашады. Либерализм  мен нарық саяси демократия олардың ұранына айналады. Биліктің әртараптануын, құқытық жүйенің дербестенуін, либералдық еркіндікті талап етеді. Жалпы алғанда Қытайдың тұрмысы соңғы он, он бес жылда көп тәуірленген. Әсіресе, теңіз жағалауының Ішкі Қытай өлкелердің қарны тойған хань ұлттылар ірі қала қызығына одан ары батқысы келеді. Ол экзистенциалдық еркіндік. Олардың ойында, жыныстық, діндік,материалдық  құндылықтар иелену еркіндігі және ашық гедонизм.

Хань ұлтындағы келесі өзгеріс- олар биліктен аса қорықпайды. Қытай жалғыз бала елі, яғни ерке бала, беті қайтпаған немерелер елі. Қытайлықтар «аса ірі қала джунглилер тұрғындары». Полиция ірі қала баласын жаппай жазалауға бара алмайды. Қытайда алты аса ірі қала бар. Сол алты ірі қалаларда 20 миллионнан  тұрғыны бар. 20 миллиондық қалалар тұрғындары тым кірпияз, шамкес, билікке бірігіп ашулануы ықтимал. Олардың тұрмыс деңгейі екі-үш-бес есе тәуір, басқа Қытайдан көңіл күйі мүлде жоғары және бөлек. Олардың бұқара психологиясы да бөлек. Олар бірігіп ашуланса Қытайдың тағдырын шешеді. Сол аса ірі қала жастары- тригер, қосауыз мылтықтың білтесі сияқты. Солар болашақта тыныштықты бұзғалы тұр.

Демократия мен нарыққа екі күш итермелейді: аталған ықпалды саяси күш Қытайдың  экономикалық және саяси элитасының бір бөлігі, белгілі бір жағдайда саяси конъюктура оларға жеңіс әкеліп беруі ықтимал. Қазіргі Қытай билігі қателік жасап, сол аса ірі қалаларының тұрғындарының ызасын туғызуы мүмкін. Менің білуімше, Қытай билігі пәлендей адекватты емес. Жағдайдың қаншалықты насырға шабуын болжай алмайды.

Қалай болса да Қытайдың билеуші тобының консенсусы мемлекеттің біртұтастығы  үшін белгілі компромиспен қатар  саяси қауыпсіздік пен саяси күштердің дербестігіне, оларды тіршіліне кепілдік керек етеді.

Экономикалық қарқынның баяулап тоқырауы   реформалардың керектігін дәлелдейді- ол құқықтық және саяси реформалар маңыздылығы. Саяси элита бір жағдайдан қауыптенеді- халық көшеге шығып кетеді ау деп. Қытайда маоизм қайта орнамайды- ол нақты. Сонымен бірге, қазіргі Қытай билігі экономиканың қарқынды дамуына жағдай жасай алмайды- жағдай одан ары тіпті ұшығады. Альтернативаның бірі - милитаризм мен қарсыластарын жою, олардың меншіктерін бөліп алу. Коррупция, қомақты қаржыларды шет елдерде жасыру. Бұл қатқыл курска бет алу деген сөз.  Қытай АҚШ пен Европалық Одақпен  конфронтацияға дайын емес.

Екінші жол- саяси сергелдең, ырду -дырду, қаламиқа.

Үшінші жол - саяси, құқықтық реформалар арқылы консенсус келісім бағытқа бет бұру.

Ал Қытай қай жолды таңдайды.Біздің ойымызша: ол аралас рецепт, дұрыс пен бұрыс: саяси  логикаға аса бағынбайтын жолды таңдайды. Қытайдың дамуы бірнеше сергелдең кезеңге бөлінеді.

Бұл жағдайдан қазаққа не қауып, не пайда? Бізге ең қолайлысы- Қытайдың реформалар жолына түсуі. Себебі: бірінші және  екінші жол альтернативасы  бізге өте қауыпті. Үш версияда белгілі жағдайлар сол жақтың қазағын  Қытай дүрбелеңінен босатуы ықтимал. Бірақ демократиялық  Қытай ұлттық азшылыққа тең дәрежеде  еркіндік, яғни қазаққа аман-есен репатриация құқын береді.Қазақтың бір аз бөлігі Атамекенге сау етеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер