Қандастарды балағаттаған павлодарлық әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

2795
Adyrna.kz Telegram

Қандасқа тіл тигізген павлодарлық әйел ұлт араздығын тудырды деп айыпталды, деп хабарлайды "Адырна".  

«1 мамырда Instagram желісіндегі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде @nastya_brovkapvl есімді қыз әлеуметтік желіде ұятсыз сөздер айтып, Моңғол Халық Республикасынан келген кандастар туралы теріс сөйлеген видео жарияланды. Бұл дерек Павлодар қаласы ПП Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Құқық бұзушы анықталды. Ол 27 жастағы павлодарлық келіншек болып шықты. Павлодарлық әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптама тағайындалды», - деді сәрсенбіде Павлодар облысы ІІД (ПБ) бастығы Василий Скляр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп қосты Скляр.

Бұған дейін 1 мамырда желіде тараған видеода Настя Бровка есімді қолданушы қандастарға ғана емес, басқа да "жаңадан келгендерге" тіл тигізген. Бұған қоса, ол Павлодардың атын өзгертуге қарсы пікір айтқан.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер