«АрселорМитталТеміртау» заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

2217
Adyrna.kz Telegram

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Шахтинск қаласының 52 және 44 жастағы тұрғындары анықталды.

Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес.

Айғақзаттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

Бұдан алдын Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 54 жастағы әйелдің денесін тапқан болатын. Ол «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері болып шықты. Әйелдің денесінде пышақ жарақаты болған.

Қайғылы оқиға 23 сәуірде шамамен түскі уақытта болған. Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары өртенген.  Полиция «кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер