Өскеменде мектепті жөндеуге деп ата-аналардан ақша жинаған мұғалім сөгіс алды

2471
Adyrna.kz Telegram

Өскемен қаласында ата-аналардан ақша жинаған мектеп мұғалімі жауапқа тартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1424 Call-орталығына Өскемендегі №15 орта мектеп оқушысының анасы хабарласқан.

Өз сөзінде ол мұғалімнің мектеп кабинетін жөндеуге ақша жинап жатқанын айтып, шағым түсірді.

Тексеру барысында аталған факті расталды. Жиналған қаражат ата-аналарға толықтай қайтарылды.

ҚР «Білім туралы» заңының 63-бабын бұзған педагог «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Пікірлер