Ақтөбе маңындағы 10 елді мекенді су басып, тұрғындар эвакуацияланды

1861
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде 2023 жылдың 30 наурызында Қарғалы өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарғалы маңындағы 10 саяжайды су басып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жүребеков су тасқынына қарсы шараларды шұғыл тексерді.

Қазір құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

"Уақытша эвакуациялау пунктіне жеті саяжайдың тұрғындары, барлығы 35 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына 80 адам, 12 арнайы техника жұмылдырылған".

Әкімнің айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.

2023 жылдың 27 наурызында су тасқыны Ақтөбе облысының солтүстік бөлігіне жеткені хабарланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ақтөбе қаласының әкімдігi (@aqtobe_akimat)

 

Пікірлер