"Балама апаратын 5 мың теңгем де жоқ". Жетібайлық жұмыссыздар аштық жариялады

2598
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы, Жетібай кентіндегі ереуілшілер төртінші күн қатарынан аштық жариялап, далада түнеп жүр, деп жазады "Адырна" тілшісі. Бұл туралы "Азаттық" мәлімдеді.

Ауыл тұрғындары жұмыссыздық салдарынан аштық жариялаған. Олардың жалғыз талабы – «Маңғыстаумұнайгаз» серіктестігінің мұнай кәсіпшілігінен оларға бос жұмыс орындарын ашып беруі. Ереуілшілер тіпті кен орнына баратын жолды жауып тастаған.

«Балаңа бір зат алып берейін десең, қолыңда дым жоқ. Қыл-аяғы бес мың теңге. Не істейсің? Осында жүресің халық арасында. Түнде ұйқыдан тұрасың. Балаңды сағынасың, ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан дым да келмейді», - дейді наразылыққа шыққан азаматтардың бірі Азаттық радиосының тілшісіне.

Кішкентай балаларына бір үзім нан апара алмай жүрген көп балалы аналар биліктен жұмыс тауып беруін сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер