“Университеттер ішінде үгіт-насихат жүргізілген жоқ": Саясат Нұрбек студенттердің дауыс беруі жайында айтты

2673
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елордадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, ол студенттерді заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтып берді,

"Біз студенттер сайлауға ұйымдасқан түрде қатысуға мәжбүр болады деген дәстүрлі сынға өте байыпты қарадық. Барлық ректорларға, деканаттарға, кафедраларға маңызды нұсқаулар берілді. Арнайы ахуалдық орталықтар құрылды, сондай-ақ, министрлік жанынан арнайы лауазым құрылды – студенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен, ол - Айсұлу Ерниязова. Осы алты айда ол барлық студенттермен, студенттік ұйымдардың президенттерімен жеке танысты. Кез-келген студент, егер оның құқықтары бұзылды немесе қысым жасалды деп санаса, оған тікелей жүгіне алады. Әр студент өз таңдауын жасайды. Біздің жоғары оқу орындарындағы кеңестердің шешімдерімен бұл жолы университеттер ішінде үгіт-насихат жүргізілген жоқ", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, 2023 жылғы 19 наурызда таңғы сағат 7:00-де Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер