Грузияда бұрынғы футболшы қазіргі президент қызметіне кірісті

571
Adyrna.kz Telegram
Фото: russian.rt.com
Фото: russian.rt.com

Михаил Кавелашвили ресми түрде Грузия президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Инаугурация рәсімі елдің парламент ғимаратында өтіп, заң шығарушы органның сайтында тікелей эфирде көрсетілді. Кавелашвили салтанатты ант сөзін айтып, содан кейін Грузияның әнұраны орындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Саломе Зурабишвили президент сарайынан кететінін мәлімдеп, наразылық акциясына қосылуға уәде берген болатын.

"Грузия Президенті Саломе Зурабишвили Тбилисидегі "Бірлік шынжыры" атты мыңдаған адамның қатысуымен өткен акцияға қосылды. Бұл акция үкіметтің ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді 2028 жылға дейін кейінге қалдыру туралы шешіміне қарсы наразылықтың бір айлығына орай ұйымдастырылған. Арасында оппозициялық партиялардың депутаттары, студенттер және мәдениет қайраткерлері бар. Грузияның барлық ірі қалаларында өзендер мен көпірлер бойында шынжыр секілді тізбектеліп, көлік қозғалысын ішінара тоқтатты", - деп жазды Euronews.com басылымы.

Михаил Кавелашвили футболда жүргенде шабуылдаушы болған.

Пікірлер