"Жалпы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды. Әйелдер ерлерге қарағанда 7,7 жасқа ұзағырақ (66,33 жас) өмір сүреді", - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар ол Қазақстанда 10 млн. астам әйел, 4 млн. астам бала туу жасындағы әйел және 18 жасқа дейінгі 3 млн. астам қыз бала тұратынын атап өтті.
Айта кетейік, министр бұған дейін Қазақстан әйелдері көбіне тыныс алу ағзаларының ауруларымен ауыратынын хабарлаған еді. Министрдің айтуынша, бүкіл әлемде инфекциялық емес аурулар әйелдер өлім-жітімінің негізгі себебі болып отыр. Қазақстан бойынша аурушаңдық бір жылда 4% өсті (100 мың халыққа шаққанда 50 мыңнан астам адам).
Сонымен қатар Ажар Ғиният репродуктивті денсаулығының ерекшеліктеріне байланысты әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауыратынын және медицина қызметін көп пайдаланатынын айтты.
"Адырна" ұлттық порталы