Қазақстан Финляндияда ұсталған ұшақтың ұшу бағыты туралы мәлімдемені жоққа шығарды

576
Adyrna.kz Telegram
Сурет: КТК
Сурет: КТК

Қазақстан Финляндияда ұсталған ұшақ ұшқышының елімізге ұшып бара жатырмын деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” Tengri Travel сайтына сілтеп.

Азаматтық авиация комитеті литвалық тіркеудегі жеке ұшақтың Қазақстанға ұшу жоспарлары туралы ақпаратты растаған жоқ. Ведомстводан келіп түскен ресми жауапта, комитетке ерекше рейс жасауға рұқсат алу туралы өтініш түспегені айтылған.

«Қолда бар ақпарат бойынша, LY-ARA тіркеу нөмірі бар әуе кемесінен ерекше рейс жасауға рұқсат алу туралы өтініш комитетке түскен жоқ», – деп мәлімдеді ҚГА.

Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсан күні Хельсинки әуежайында ұсталған Beechcraft B55 Baron ұшағы фин билігіндегі күдіктерді туғызды. Себебі ол санкцияларды айналып өту мүмкіндігіне байланысты тексерілген. Алғашында ұшақ Псков қаласына бағытталғаны хабарланған еді, бірақ ұшақта болған латвиялық пилот Робертс Климович рейстің соңғы бағыты Қазақстан екендігін айтып, онда авиациялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлағанын мәлімдеген.

Пікірлер