Қазақстан мұнайының 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады

373
Adyrna.kz Telegram
Сурет: stock-maks.com
Сурет: stock-maks.com

Қазақстан мұнайының 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталатыны белгілі болды. Бұл тураы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумында белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен Словенияның өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, кешегі келіссөздер барысында тараптар қос халықтың игілігі үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан президенті өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнағанын және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін атап өтті.

Қазақстан – аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында:

  • 2024 жылы экономикалық өсім 4,8 пайыз деңгейінде болды.
  • ІЖӨ 288 млрд долларға жетті.
  • Еліміз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниетті.

Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады:

  • Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі 514 млрд тонна-шақырымға жетті.
  • Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етуде.
  • Ақтау және Құрық порттары арқылы жөнелтілетін жүк көлемі 62 пайызға өсті (4,5 миллион тоннаға дейін жетті).
  • Словенияның ең ірі Копер портымен серіктестікті тереңдету көзделіп отыр.

Өнеркәсіп және энергетика салаларындағы перспективті бағыттар:

  • Қазақстан мұнайының 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады.
  • Барланған табиғи газ қоры 3 трлн текше метрге жетеді, ал көмір кеніші 34 млрд тоннаны құрайды.
  • Еліміз ЕО экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін минералдың 19 түрін өндіреді.
  • Қазақстан сектордың әлеуетін толық пайдалану мақсатында әлемнің жетекші компанияларымен прагматикалық формулаға сай, яғни «шикізат орнына инвестиция мен технология» қағидасына сай ынтымақтастық орнатады.
  • Total, Eni, Masdar және Svevind Energy Group компанияларының қатысуымен жасыл энергетика жобалары қарқынды дамып келеді.
  • Словенияның Iskra, Gorenje сияқты озық компаниялары біздің нарықта табысты жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі:

  • Отандық ауылшаруашылық өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.
  • Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялы сектор ретінде қайта құру жоспары туралы айтылды.
  • Еліміз словениялық серіктестерімен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті.

Фармацевтика және ІТ:

  • Қазақстан Словенияның Krka, Lek секілді компанияларымен фармацевтика өндірісін дамытуға;
  • ғылыми зерттеулер, стартаптар және технологиялық білім беру ісіндегі осы елдің IT компанияларымен серіктестік орнатуға мүдделі.

Қаржы және инвестиция:

  • Словенияның іскерлік топ өкілдеріне Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін зерделеп, оның экожүйесіне қосылу ұсынылды.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер